Елордалық кәсіпорын басшысы іс жүзінде жұмыстар орындалмай шот-фактураларды жазып берген. Мұндай әрекеттерден келтірілген шығын 173 млн теңгеден асады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қаласының Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері 2018-2020 жылдар кезеңінде іс жүзінде жұмыстар орындалмаса да шот-фактуралар жазып берген елордалық кәсіпорынның басшысын, сондай-ақ басқа да тұлғаларды әшкереледі. Мемлекетке 173 млн теңгеден астам шығын келтірілді», - делінген ведомство хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу ҚК-нің 216-бабының 3-тармағы (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша жүргізіледі.
«ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді», - деп түсіндірді департаментте.