16 ақп, 2021 сағат 12:28

Елордада студент қыз жалдап тұрып жатқан пәтерін тонап кетті

Елордада студент қыз жалдап тұрып жатқан пәтерін тонап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдікті 18 жастағы студент қызды ұстады. Бойжеткен 35 жасар әйелдің пәтерінен бір бөлме жалдап тұрғандығы анықталды. Үй қожайынының жоқтығын пайдаланып, студент жалпы сомасы 700 мың теңгеге бағаланған күзен тон, былғары күрте және үш аяқ киімді ұрлаған.

Күдіктіге қатысты «ұрлық» бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Студент кінәсін мойындап, ұрланған заттар тәркіленді. Қазіргі кезде оның қалада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар немесе жоқтығы тексеріліп жатыр.