12 мау, 2020 сағат 13:12

Елордада коронавирустан көз жұмған 4 адамға қатысты мән-жай белгілі болды

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жақында елордада коронавирустан қайтыс болған төрт адамға қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Соңғы күндері Нұр-Сұлтан қаласында 4 адам коронавирустан көз жұмды. Бірінші жағдайдағы анализ бойынша 47 жастағы ер адам екі апта бойы үйінде өзі емделген. Екінші жағдайда 68 жастағы науқас үйінен бірден стационарға жеткізілді. Үшінші жағдайда 70 жастағы адам БҚО тұрғыны екенін анықталды. Тұрғылықты жері бойынша кардиолог дәрігердің бақылауында болған. Ол клиникаға жәдел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Ал төртінші жағдай 59 жастағы ер адамға қатысты болып отыр. Ол Алматы қаласының тұрғыны екенін белгілі болды. Науқас дәрігерлердің көмегіне өзі жүгінген», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, аталған науқастардың денсаулық жағдайының нашарлығына байланысты олар бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Өкінішке қарай, атқарылған барлық ем-дом шаралары нәтиже бермеді.