08 қар, 2021 сағат 13:01

Елордада көлік ұрлады деген күдікпен екі жігіт ұсталды


Елордада автокөлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«А. Затаевич көшесі бойында болған қаланың екі тұрғыны есігі құлыптанбаған «Ваз 2115» көлігін байқап қалған. Кейіннен олар бұл автомобильдің аккумуляторын жымқырып кеткен. Олардың бұл әрекеті сыртқы бақылау бейнекамерасына түсіп қалды», - делінген қалалық полиция департаментінің мәліметінде. 

Күдіктілердің қылмыстық әрекеті осымен тоқтамаған, ұрланған затты көтеріп алып, Ақан сері көшесіне қарай бағыт алған. Сол маңда есігі ашық қалған тағы бір «Ваз» көлігін байқап қалады. Осы мүмкіндіктікті пайдаланып, күдіктілер көлікті оталдырып, мініп кетеді. 

«Полицейлер көлікті іздеп тауып, күдіктілерді құрықтады. Олар бұрын қылмыстық жауапқа тартылған екен, бірі 18 жаста болса, екіншісі 22-ге толған. Екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Олардың осы тектес қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр» - деп аталып өткен хабарламада.