16 там, 2021 сағат 17:31

Елордада карантинге қарамастан тілашар мен үйлену тойын өтізген


Елорданың бас санитар дәрігері қаулысының қолданыста болуына қарамастан қалалық тамақтану нысандары мен көңіл көтеру орындары тарапынан санитарлық талаптарды бұзу жиілеп кеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәселен, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мобильді топтың өткен демалыс күнгі рейд барысында «El plaza» мейрамханасында үйлену тойы өтіп жатқаны анықталған. Тойға жиналған қонақтардың қатарында қарт адамдармен қатар балалар да болған. Сонымен қатар сол күні Ақан сері көшесі бойындағы «Арна» мейрамханасында 100-ден астам қонақ тілашар тойында бас қосқан. 

«Мейрамхана иелеріне қатысты жинақталған материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін өкілетті органға жіберілді. Демалыс күндері құрамында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, әкімдіктің өкілдері, волентерлер мен полиция қызметкерлері бар мобильді топ 125 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, карантин режимін бұзудың 32 фактісін анықтады», - деп атап өтеді департаменттен. 

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті елорда тұрғындарына карантинді бұзғаны үшін жауапкершіліктің бар екендігін, санитарлық нормалар мен әлеуметтік ара қашықты сақтау қажеттігін ескертеді.