Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген хаттар келгені туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті тексеру жүргізді, ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш заттың салынғаны туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Ведомство азаматтардан үрей туғызбауды және мессенджерлерге жалған хабарламалар жібермеуді сұрайды.