Елордада 2019 жылғы Конфедерация кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Биылғы доданың іріктеу кезеңдері 5-6 қазан күндері Орал қаласында басталып, 12-13 қазанда Қарағандыда, 19-20 қазанда Қостанайда, 26-27 қазанда Ақтөбеде жалғасады. Жеребе нәтижесі бойынша 17 өңір келесі топтарға бөлінді:
А тобы - Ақтөбе обл, Алматы, Атырау обл, Павлодар обл, Ақмола облысы;
В тобы - Қостанай обл, СҚО, ШҚО, Жамбыл облысы;
С тобы - Қарағанды обл, Түркістан обл, Шымкент, Нұр-Сұлтан;
D тобы - БҚО, Қызылорда обл, Маңғыстау обл, Алматы облысы;
Жартылай финал мен финалдық кездесулер 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтеді.
Биыл жарыс бағдарламасына каратэ-до спорт түрі енді. Сондай-ақ, жүлде қоры 1, 2, 3-орын алған командалар арасында бөлінеді. Конфедерация кубогының жарыс бағдарламасына келесі спорт түрлері енген: бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, таеквондо, қазақ күресі және каратэ-до.
Жарысқа барлық өңірлер қатысады.