Елордадағы «Нұрлы жол» вокзалы Ashyq жобасымен жұмыс істейді және онда адамдар шоғырланбауы керек. Бұл туралы аталған вокзал менеджері Батырхан Әбдікәрім мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ashyq қосымшасы вокзалдың 13 кіреберісінде жұмыс істейтін болады. Вокзалға келушілердің барлығы өз мәртебесін аталған жоба арқылы анықтап, тексертуі керек. Адамдардың шоғырлануы болмауы тиіс», - деді Б. Әбдікәрім.
Одан бөлек, вокзал өкілі Ashyq жобасымен қатар басқа да карантин талаптарының қатаң сақталатынын тілге тиек етті.
