Елорда полициясы жедел іздеу іс-шаралары барысында ірі көлемде ұрлық жасау күдігімен 28 жастағы такси жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органына жүгінген елорда тұрғыны аталған жігітпен такси қызметін пайдаланған кезінде танысқанын айтқан. Сол сәтте жастардың арасында махаббат оты тұтанған. Кездесулердің бірінде жігіт зардап шегушінің пәтеріне келіп жалпы сомасы 1 млн 879 мың теңге болатын «Айфон 12» және «Самсунг Галакси А 21» маркалы екі ұялы телефонды ұрлап кеткен.
«Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам кінәсін мойындап, ұрланған телефондарды иесіне қайтарды. Оның елорда аумағында жасалған дәл осындай қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр», - деді ведомстводан.