26 қаз, 2019 сағат 14:14

Елорда мен Алматыда заңсыз шеруге шыққандар ұсталды

Бүгін елорда мен Алматыда заңсыз шеру өткізуге тырысқандар болды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«26 қазанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митинг өткізуге тырысқандар болды. Бас прокуратураның заңсыз митинг туралы бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан кей азаматтар заң талабын орындаудан бас тартты. Қазіргі уақытта полицияға мән-жайды анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру үшін 26 адам жеткізілді. Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында азаматтары арандатушылық үндеулерге ермей, экстремистік ұйымның заңсыз акцияларына қатыспауға шақырады», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.