Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен қазақстандық балуан қыз Эльмира Сыздықова қола жүлдені еншіледі, деп жазады "Ұлт ақпарат".
Жерлесіміз қола жүлде үшін таласта мысырлық Энас Мостафаны 7:4 есебімен қапы қалдырды. Эльмира алғашқы белдесуінде ресей елінің балуаны Наталья Воробьеваға (4:1) есе жіберген болатын. Алайда орыс қызының финалға шығуы арқылы жұбаныш белдесуіне шығып, жүлделі орынға ие болды.
Отандасымыз жұбаныш белдесуінің бірінші кезеңіне моңғолиялық Очирбатын Насанбурмааны 3:1 есебімен ұтқан болатын.
Ұлт порталы