Бір күнде халықаралық авиарейстермен шетелден ПТР анықтамасыз 13 Қазақстан азаматы келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
29 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді.
4 923 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 910 адам, анықтамасыз 13 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 587 жолаушы, анықтамамен – 2 580, анықтамасыз – 7;
Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, барлық 679 жолаушы анықтамамен келген;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 727 жолаушы, анықтамамен - 721; анықтамасыз - 6;
Ақтау қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 775 жолаушы анықтамамен келген;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 155 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырады, оның нәтижесі шыққанша карантин стационарында күтеді.
Айта кетерлігі, 28 наурызда шетелден анықтамасыз келген 38 ҚР азаматының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетті.