2016 жылдан бері елімізден 518 іздеудегі адам басқа елдерге берілді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұрлан Бекназаров мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жалпы тиісті шарттар негізінде 2016 жылдан бастап 2021 жылдың 1 тоқсаны аралығында елімізден 518 іздеудегі адам басқа елдерге берілді. Тиісінше елімізге іздеуде жүрген 346 адам қайтарылды. Биылдың 1 сәуірдегі жағдайы бойынша еліміздің құқық қорғау органдарымен іздестіруде 2 341 адам бар, оның ішінде мемлекетаралық іздестіруде - 750, халықаралық іздестіруде – 1 591 адам», - деді сенатор.