29 там, 2018 сағат 10:42

Еліміздегі мешіттер Құрбан айтта 61 мың отбасына ет таратты

Дін қызметкерлері құрбан айт күндері бүкіл ел аумағында 61 191 отбасына 439 тонна 943 келі құрбандық етін таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың тапсырмасына орай, мешіт таратқан құрбандық еті қарттар, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, көпбалалы жанұяларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша тұрмысы төмен жеке тұлғаларға үлестірілді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер мен кəмелетке толмаған балаларға арнайы сыйлықтар берілді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «Құрбан айтта қуандыр» атты қайырымдылық акциясына ел бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты. Мешіт жанындағы арнайы орындар мен жергілікті əкімдік белгілеген нысандарда құрбан шалынды.

Айта кетейік, биыл мұсылман қауымы құрбан айтты 21 тамыздан бастап тойлады.