11 нау, 2025 сағат 16:15

Еліміздегі ең ірі 10 салық төлеуші компания белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

Energy Monitor қоғамдық қорының мәліметінше, былтыр еліміздегі ең ірі 10 салық төлеуші компания қазынаға 5,9 трлн теңге аударған. Бұл - жалпы салық түсімінің 25,3%-ы. Әдеттегідей мұнай-газ және банк секторындағы компаниялар көш бастап тұр. 

ТОП-10 ірі салық төлеуші:

«Теңізшевройл» ЖШС– 3 056 млрд теңге
Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (КПО) – 1 146 млрд теңге
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 304 млрд теңге
«Қазақстан Халық банкі» АҚ– 250 млрд теңге
«Азиялық газ құбыры» ЖШС– 225 млрд теңге
KAZ Minerals Aktogay ЖШС – 215 млрд теңге
NCOC – 211 млрд теңге
«Өзенмұнайгаз» АҚ – 180 млрд теңге
Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 179 млрд теңге
«Ембімұнайгаз» – 167 млрд теңге.