04 қыр, 2020 сағат 17:22

Еліміздегі дәріханаларда парацетамол көлемі артты

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков коронавирус індеті таралған кезде парацетамол тапшылығы неліктен болғанын түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз үнемі отандық өндірушілерді қолдауға дайынбыз. Олар жаңағы парацетамол, аспирин және басқа да қажетті дәрілерді шағаруына қолдау жасаймыз. Бұл мәселеде халық тарапынан сұраныстың күрт артуы парацетамолдың осындай тапшылығын көрсетті», - деді Н. Асылбеков Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде нарықты дәрі-дәрмекпен толықтыру жұмыстары жүріп жатыр. Осы орайда парацетамол дәріханалар мен қоймаларда еселеп артты. Сәйкесінше, өндірушілер өздерінің өндіру қуатын жоғарылатты,