22 қаң, 2020 сағат 06:10

Елімізде жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы өсті

Өткен жылы өндірістік жайларды жалға беру бағасы 0,8%, әкімшілік-кеңсеге арналған жайларды – 0,4% өсті, ­-  деп хабарлайды Статистика комитеті.

Тұрмыстық қызмет көрсететін пункттер, сервистерді және қойма жайларыды жалға беру бағасы 0,1%-дан төмендеді.

«Ағымдағы жылғы желтоқсанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жалға берудің ең жоғары баға өсімі автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша станцияларды – 2,5%, дәріханаларды – 1,5%, өнеркәсіптік базаларын және валюта айырбастау пункттерін – 0,9%-дан белгіленді. Дүңгіршектерді жалға беру 9%, фитнес клубтары және жаттығу залдарын – 1,2% арзандады», - делінген Комитет хабарламасында.