06 қаз, 2019 сағат 00:05

Елімізде жол-көлік бойынша бірыңғай талдау және жоспарлау орталығын ашу ұсынылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Көлік комитетінің ахуалдық орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ Көлік комитетіне сілтеме жасап.

Көлік комитетінің мәліметіне сүйенсек, министрге «Айқын бағыт» жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылып, атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Сондай-ақ, ахуалдық орталық тәулік бойы жұмыс істеп тұратындығы жеткізілді.

«Біз бүгінгі күні цифрландыру бойынша негізгі жобалардың қызметін айқындап, жаңа цифрландыру жүйесін енгізіп, онлайн режимде жұмыс істеп келеміз, сонымен қатар, Көліктік бақылау инспекцияларының жұмысын онлайн режимде тәулік бойы бақылап отырамыз», - деді ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов.

Хабарламада айтылғандай, Б.Атамқұлов ахуалдық орталықтың жұмысымен таныса келе, жол-көлік кешеніндегі бірыңғай талдау және жоспарлау орталығын ашуды ұсынды.