04 ақп, 2025 сағат 15:37

Елімізде ұшатын пилотсыз такси пайда болуы мүмкін


Фото: gov.kz

Қазақстанда 2026 жылы аэромобильді такси қызметі пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Ult.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Министр жолаушыларды Алматы әуежайынан Алатау қаласына дейін аэромобиль арқылы тасымалдау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Сөзінше, аэромобиль – сутегімен жұмыс істейтін шағын тікұшақ. Оған 5 адамға дейін сыяды.

"Қазір бұл технологияны Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың компаниялары жақсы дамытып жатыр. Қазақстандағы компания осы саланы дамытуға қызығушылық танытты. Осы саланы жіті зерттеп жатырмыз, оны пилоттық жоба ретінде қолдану мәселесін пысықтаудамыз", - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Ведомство басшысы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын айтты. Бірінші кезеңде аэромобиль Алматы әуежайынан Алатау қаласына дейін қатынауы мүмкін.