Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Үкіметінің мүшелері, заң қабылданған жағдайда, өздерінің баспаналарын жалға беруге құқық алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Бұл өзгеріс Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасында қарастырылған.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алу құқығы беріледі. Мұндай норма қазірдің өзінде «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда бар және қолданыста. Алайда, «Үкімет туралы» Конституциялық заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда бұл мәселеге тыйым салынбаған. Осыған байланысты, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға енгізілген өзгерістер бойынша Үкімет мүшелеріне тиесілі тұрғын үйлерді жалға беруге шектеу алынып тасталады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, бұл түзетулер үкімет мүшелерінің тұрғын үйлерін жалға беріп, сол қызметтен кіріс алуына мүмкіндік береді.