11 сәу, 2025 сағат 10:44

Елімізде тұрғын үй саудасы азайған

Фото: Pexels.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы наурыз айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 27 739 мәміле тіркелген, бір айдың ішінде мәмілелер саны 4,4% азайған (ақпан – 29 022), деп хабарлайды Ult.kz.

Жалпы көрсеткіштен:

  • - 5 897 – жеке үйлер бойынша
  • - 21 842 – көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша

Мәмілелер саны бойынша Астана (5 652 – жалпы көрсеткіштегі үлес 20,4%) және Алматы (5 069 – 18,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 130 – 7,7%) көш бастап тұр.

2025 жылдың ақпанымен салыстырғанда наурызда мәмілелер санының ең көп өсімі Шығыс Қазақстан (+16,8%), Алматы (+11,4%) және Атырау (+11,3%) облыстарында тіркелген.