18 там, 2021 сағат 11:15

"Елімізде той-томалақ тыйылар емес" – министр


Жергілікті атқарушы органдар мониторинг топтарының жұмысын күшейтуі қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Карантиндік іс-шаралардың қолданыста болуына қарамастан, бірқатар өңірде көп адамның жиналуымен салтанатты іс-шаралар, үйлену тойларын, еске алу түскі асын беру тыйылмай отыр. Карантинді өрескел бұзу фактілері де анықталып жатыр. Осыған орай жергілікті атқарушы органдарға мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді тапсыруыңызды өтінемін», - деді Алексей Цой Үкімет басшысы Асқар Маминге қарата. 

Сонымен қатар ол елімізде «Ashyq» жобасына кеңінен тарту жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты. 

«Жобаға қатысушылардың саны 111 мыңнан асып жығылды. Олардың ішінде көшбасшылары – 921. Қолданушылар саны 4 млн-ға жетті. Күн сайын 400 мыңнан астам қазақстанда онлайн режимде өз мәртебесін тексереді», - деді министр.