06 ақп, 2025 сағат 11:26

Елімізде төлемін 90 күннен кешіктірген азаматтарға қайта несие беру шектеледі

Фото: Dauletten.kz

Елімізде микроқаржы ұйымдарына қатысты жаңа ережелер енгізілді. Енді төлемін 90 күннен кешіктірген азаматтарға қайта несие беру шектеледі. Сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі мен қарызды өтеу шарттарын біржақты өзгертуді де тоқтату көзделген, деп хабарлайды Ult.kz.

Микроқаржы ұйымдары қарызын үш ай төлемегендерге несие рәсімдей алмайды. Сонымен қатар өсімпұл есептеу мерзімі бойынша да шектеу енгізілді: 3 айдан кейінгі айыпақыны талап етуге ұйымдардың құқығы болмайды.

Тағы бір маңызды өзгеріс – микроқаржы ұйымдарының борышты өндіріп алу мақсатында жеке сот орындаушыларымен немесе нотариустармен ынтымақтастық орнатуына тыйым салынуы. Бұдан бөлек, тұтынушының келісімінсіз қарыз шартын ұзарту мүмкіндігі жойылады.