Тілдерді дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасын әзірлеуге кірісу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекеттік тілді дамыту жоспарланған шаралар аясында жүзеге асырылып жатыр. Жалпы бұл бағдарламаның іс-шаралар жоспары аяқталуға жақын. Сондықтан Мәдениет және спорт министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Тілдерді дамыту бойынша 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасын әзірлеу мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарманы еліміздің Мәдениет және спорт министрлігіне беруге ҚР Білім және ғылым миинстрі Ерлан Сағадиевтің қарсы еместігін атап өтті.
«Оны өздеріңіз екі министрліктің арасындағы келісім бойынша шеше жатарсыздар», - деді Бақытжан Сағынтаев.