Қазақстанда тағы 51 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Шымкент қаласында - 4, Атырау облысында - 13, Алматы облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 9, Павлодар облысында - 3, Маңғыстау облысында - 10, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Түркістан облысында 3 адам дерттен айыққан.
Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 3649-ға жетіп отыр:
Нұр-Сұлтан қаласы – 628 Алматы қаласы – 1037 Шымкент қаласы – 207 Ақмола облысы – 96 Ақтөбе облысы – 161 Алматы облысы – 150 Атырау облысы – 193 Шығыс Қазақстан облысы – 28 Жамбыл облысы – 142 Батыс Қазақстан облысы – 189 Қарағанды облысы – 156 Қостанай облысы – 50 Қызылорда облысы – 216 Маңғыстау облысы – 70 Павлодар облысы – 141 Солтүстік Қазақстан облысы – 29 Түркістан облысы – 156