03 мау, 2020 сағат 20:50

Елімізде тағы 4 науқас коронавирус инфекциясынан көз жұмды

Қазақстанда 4 науқас коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қарағанды облысында - 1964 жылы, Атырау облысында - 1964 және 1951 жылы туған ер адамдар, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 1951 жылы туған әйел адам көз жұмған.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеу жөнінде шешім қабылдады.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша барлығы 48 адам қайтыс болды.