29 сәу, 2020 сағат 20:13

Елімізде тағы 21 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда та,ы 21 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Алматы қаласында - 3 адам, Алматы облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Шымкент қаласында - 1 адам,  Ақмола облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 9 адам, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының 1 тұрғыны.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 819-ға жеті отыр.

Әлемде Covid-19 коронавирусы 3 миллионнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар 200 мыңнан асты. 900 мыңнан астам адам жазылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде адамдар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.