07 қар, 2020 сағат 07:05

Елімізде тағы 161 адам пневмонияға шалдықты

7 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кеше коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан бері 38 882 адам дертке шалдығып, 408 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 079-ға жетті.