19 нау, 2021 сағат 08:30

Елімізде тағы 1 264 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

Қазақстанда ПТР тесті оң шығып, коронавирус жұққан науқастар 1264 адамға көбейді. Коронавирус бойынша Алматы (366) мен Нұр-Сұлтан (285) қалалары алда тұр. Қалған облыстар мен қалаларда анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Тағы 50 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 10 адам өлімі тіркелген. Бұл – 16 наурыз күнгі мәлімет. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өліміне қатысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді. 

Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирус жұқтырғандар 229 217 адамға жеткен. 209,6 мыңы жазылған. 2 891 адам қайтыс болған.

2020 жылдың 1 тамызынан бері елде коронавирус пневмониясына жеке код беріліп, оған шалдыққандар бөлек есепке алынып келеді. Содан бері 50 003 адамға коронавирус пневмониясы жұққан. 659 адам қайтыс болған.

19 наурыздағы мәлімет бойынша, короновирус инфекциясынан 20 237 адам (16 696 КВИ+ және 3 541 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 813 пациент - стационарда, 14 424 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 250 адамның жағдайы ауыр;

- 61 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 34 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан емес, "басқа аурудан қайтыс болды" делінген мыңға жуық адамның өлімін коронавирус статистикасына енгізбеген.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 121 млн 746 мыңнан асқан. Шамамен 68,6 млн адам жазылған, 2,69 млн адам қайтыс болған.

Өңірлер бойынша толық дерек:

Алматы қаласында - 28991 (+366),
Нұр-Сұлтан қаласында – 27528 (+285),
Шығыс Қазақстан облысында - 22551 (+28),
Павлодар облысында - 18688 (+47),
Атырау облысында - 17881 (+36),
Қарағанды облысында - 16586 (+98),
Ақмола облысында – 14743 (+50),
Батыс Қазақстан облысында – 14078 (+81),
Қостанай облысында - 13300 (+44),
Солтүстік Қазақстан облысында - 12840 (+35),
Алматы облысында - 12078 (+91),
Шымкент қаласында -6476 (+36),
Жамбыл облысында – 6210 (+18),
Ақтөбе облысында - 4614 (+26),
Түркістан облысында – 4398 (+13),
Маңғыстау облысында - 4325 (+6),
Қызылорда облысында - 3930 (+4).