07 қаз, 2020 сағат 07:10

Елімізде өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 46 адам жазылып шықты

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония жұқтырудың 262 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сондай-ақ өткен тәулікте 46 адамның пневмониядан сауығып кеткені белгілі болды. 

2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус жұқтырғандар саны 33 877 адамды құрады. Ал осы дерттен қайтыс болғандар саны - 361. Жазылып шыққандар 27 563-ке жетті.