Фото: pexels.com
Айына 1 миллион теңгеден астам табыс табатындардың үлесі – 3 пайыз. Бұл туралы Ult.kz Energy Monitor ақпараттық-талдамалық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Орташа айлық жалақы алушылар былай бөлінді:
- - 100 000 теңгеге дейін – 6,1% қызметкер;
- - 100 001 - 150 000 теңге аралығында – 12%;
- - 150 001 - 300 000 теңге аралығында – 35,1%;
- - 300 001 - 600 000 теңге аралығында – 35,6%;
- - 600 001 - 900 000 теңге аралығында – 6,9%;
- - 900 001 - 1 200 000 теңге аралығында – 2,1%;
- - 1 200 001 - 1 500 000 теңге аралығында – 1%;
- - 1 500 001 теңгеден жоғары – 1,2%.
Ең көп табыс табатындар – темекі өнімдерін өндірушілер, олардың орташа жалақысы айына 1 миллион 279 мың теңге.
Мұнай-газ өндіру саласының қызметкерлері орташа есеппен 1,1 миллион теңгеден асады. Алайда, бұл сандар сыйақылар мен үстемелерді ескере отырып алынған орташа көрсеткіштер.
Ең жоғары орташа жалақы аймақтар бойынша Атырау облысында байқалады – 594 426 теңге.