18 там, 2020 сағат 06:12

Елімізде коронавирусты пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус белгісі бар пневмонияға 70-ке жуық адам шалдықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 67 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы 18673 адам ауырды, 220 өлім жағдайы тіркелді», - делінген ақпаратта.