12 мам, 2020 сағат 13:40

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны күн санап артып келеді - Есмағамбетова

Бүгінде коронавирустан емделгендер саны 2074-ке жетті. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде коронавирустан емделгендер саны 2074-ке жетті. Кеше ғана 130 адам емделіп шықты. Бүгін 15 адам емделіп шығады деп жоспарлануда», - дейді ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова. 

Оның айтуынша, соңғы бірнеше күнде емделгендер саны күн сайын ауырып тіркелгендер санынан көп. 

«Бұл - өте жақсы көрсеткіш, демек коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақталып келеді деген сөз. Бұл - елімізде енгізілген төтенше жағдай режимінің нәтижесі. Наурыз айында ауырғандар санының өсуі 150%-ды көрсетсе, соңғы тәуліктерде аурудың өсу көрсеткіші 2,3%-ды ғана көрсетуде. Бір апта ішінде бұл көрсеткіш 5%-дан аспады. Төтенше жағдай режимінің аяқталуы карантин шаралары түгел тоқтайды дегенді білдірмейді. Карантин режимін сақтау керек, бірақ еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп жұмсарып отырады», - дейді ол.