Қазақстанда коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 858-ге жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
coronavirus2020.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирус індетінен тағы 26 адам емделіп шыққан: Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 10, Ақмола облысында - 3, Қарағанды облысында - 4, Түркістан облысында - 1 адам.
Осылайша Қазақстан бойынша 858 адам жазылды:
Нұр-Сұлтан қаласы – 237 Алматы қаласы – 115 Шымкент қаласы – 33 Ақмола облысы – 67 Ақтөбе облысы – 10 Алматы облысы – 14 Атырау облысы – 64 Шығыс Қазақстан облысы – 7 Жамбыл облысы – 43 Батыс Қазақстан облысы – 9 Қарағанды облысы – 61 Қостанай облысы – 3 Қызылорда облысы – 118 Маңғыстау облысы – 8 Павлодар облысы – 5 Солтүстік Қазақстан облысы – 25 Түркістан облысы – 39