Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 8138-ге жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында - 32, Шымкент қаласында - 5, Ақтөбе облысында - 5, Атырау облысында - 42, Қарағанды облысында - 34, Маңғыстау облысында - 3, Түркістан облысында - 2, барлығы 123 адам дертінен айыққан.
Бүгінге дейін коронавирус індеті 13 319 адамнан анықталды, оның ішінде жазылғандар саны - 8138. 61 науқас қайтыс болды.