Қазақстанның 8 өңірінде коронавирус инфекциясынан 108 адам емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметке сәйкес, коронавирус індетінен Нұр-Сұлтан қаласында – 28, Алматы қаласында – 22, Шымкент қаласында – 12, Атырау облысында – 16, Қарағанды облысында – 8, Маңғыстау облысында – 14, Қызылорда облысында – 2, Қостанай облысында – 6, барлығы 108 адам дертінен айыққан.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 7 484. Індет жалпы 12 859 адамнан анықталды, 56 науқас қайтыс болды.