09 шіл, 2020 сағат 06:32

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 35 137-ге жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 35137-ге жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде өткен тәулікте тағы 988 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 165

Алматы қаласы - 11

Шымкент қаласы - 6

Ақмола облысы - 407

Ақтөбе облысы - 55

Атырау облысы - 40

Шығыс Қазақстан облысы - 22

Жамбыл облысы - 16

Батыс Қазақстан облысы - 49

Қарағанды облысы - 65

Қостанай облысы - 16

Қызылорда облысы - 19

Маңғыстау облысы - 6

Павлодар облысы - 10

Солтүстік Қазақстан облысы - 92

Түркістан облысы - 9

Жалпы ел бойынша індетті жұқтырғандар саны - 53021. Оның ішінде: 35137 жазылып шықса, 264 адам қайтыс болды.