01 шіл, 2020 сағат 18:41

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 13800-ден асты

Қазақстанның 12 өңірінде коронавирус инфекциясынан 231 адам жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 70, Алматы қаласында - 9, Шығыс Қазақстан облысында - 16, Ақмола облысында - 12, Ақтөбе облысында - 5, Маңғыстау облысында - 6, Қостанай облысында - 2, Жамбыл облысында - 16, Батыс Қазақстан облысында - 16, Павлодар облысында - 7, Қарағанды облысында - 46, Қызылорда облысында 26 адам дертінен айыққан. 

Бүгінге дейін Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны - 41065-ті құрады. Оның ішінде 13845 адам жазылса, 188 науқас қайтыс болды.