07 шіл, 2020 сағат 20:13

Елімізде коронавирустан жазылған науқас саны 17 мыңға жуықтады

Қазақстанда тағы 630 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 54, Алматы қаласында - 22, Шымкент қаласында - 4, Батыс Қазақстан облысында - 8, Шығыс Қазақстан облысында - 7, Солтүстік Қазақстан облысында - 93, Ақмола облысында - 201, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 1, Қарағанды ​​облысында - 49, Қызылорда облысында - 91, Ақтөбе облысында - 68, Жамбыл облысында - 13, Қостанай облысында 15 адам дертіне айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 16 928-ге жетті.