Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 866 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
coronavirus2020.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, елімізде коронавирус індетінен тағы 8 адам емделіп шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 2, Шымкент қаласында - 1, Жамбыл облысында- 3, Маңғыстау облысында - 1.
Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 866 адамды құрады:
Нұр-Сұлтан қаласы – 238 Алматы қаласы – 117 Шымкент қаласы – 34 Ақмола облысы – 67 Ақтөбе облысы – 10 Алматы облысы – 14 Атырау облысы – 64 Шығыс Қазақстан облысы – 7 Жамбыл облысы – 46 Батыс Қазақстан облысы – 9 Қарағанды облысы – 61 Қостанай облысы – 3 Қызылорда облысы – 118 Маңғыстау облысы – 9 Павлодар облысы – 5 Солтүстік Қазақстан облысы – 25 Түркістан облысы – 39