24 - 30 тамыз аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 65 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 3
Алматы қаласында - 13
Шымкент қаласында - 1
Ақмола облысында - 4
Алматы облысында - 6
Атырау облысында - 10
Шығыс Қазақстан облысында - 12
Жамбыл облысында - 1
Батыс Қазақстан облысында - 3
Қарағанды облысында - 5
Қызылорда облысында - 2
Павлодар облысында - 5
Қазақстанда коронавирус жалпы 105 872 адамнан анықталды. Оның ішінде 96 889 науқас жазылып шықса, 1588 адам қайтыс болды.
Сондай-ақ, коронавирус белгілері бар пневмонияға барлығы 25 724 адам шалдықты. Оның ішінде 5 591 науқас жазылып шықса, 292 адам қайтыс болды.