11 там, 2020 сағат 06:10

Елімізде коронавирустан 25 мың адам емделіп жатыр

Елімізде коронавирус инфекциясынан 25 171 адам емделіп жүр, деп хабарлайды "ҰЛт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

11 тамыздағы ақпарат бойынша коронавирус инфекциясынан 25 171 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 108 бала бар. Стационарларда 4 713 науқас жатыр. 20 458 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 454 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 104 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Еске сала кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы таратылады