01 қыр, 2020 сағат 07:30

Елімізде коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандар саны 25 724 болды

Коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 16 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері 25 724 адам дертке шалдығып, 292 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 5 591 жетті.