Фото: Pexels.com
Енді қазақстандықтар коммуналдық қызметтерді қанша тұтынатынына байланысты төлейді.
Finprom.kz сайтының мәліметінше, әлеуметтік нормаларды енгізудің негізгі мақсаты - коммуналдық ресурстарды үнемді тұтыну мәдениетін арттыру және болашақ ұрпақтың тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл халыққа Жолдауында:
«Жыл соңына дейін энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөнінде ұлттық жобаны бекіту қажет. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Келесі жылдан бастап «көп тұтынсаң — көп төлейсің» қағидатын басшылыққа алып, тұтынудың нақты нормаларын енгізу қажет», - деген болатын.