Кедергісіз қозғалыс, тұрмыстық қажеттіліктерге қолжетімділік, өзін қоғамның белсенді мүшесі сезіну халықаралық ұйымдар талаптарын сақтауды мақсат ететін Қазақстан үшін маңызды. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету елімізде тұрақты жүзеге асып жатыр. Елімізде инфроқұрылымдардың мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуі кезең-кезеңімен іске асып жатыр.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметтеріне сүйенсек, Республикамызда әлеуметтік инфрақұрылымдардың ішінде 29 531 нысан мүгедек жандарға бейімделген. Осы жылдың соңына дейін ел бойынша 34 349 нысанды бейімдеу жоспарланған.
Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласындағы инфроқұрылымдардың 4 800-ден астамы қазіргі заман талаптарына сай мүгедектерге бейімделіп жасақталған. Ал білім беру саласында 9 300-ден аста және мәдениет саласында 3 000-нан артық нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайластырып жасақталған. Сонымен бірге сауда және қызмет көрсету нысандары шамамен 6 000 және мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардағы инфроқұрылымдарың 4122 нысаны мүгедектердің жүріп-тұруына қолайлы. Өзге де нысандардың 2 140-ы заман талабына сай мүгедектерге кедергісіз қозғалуға бейімделген.
