Елімізде даулардың 40 пайызы татуласу арқылы шешілуде. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Іріктеу ашықтығы - жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты факторы. Біз онымен қалай күресеміз? Көптеген жылдар бойы сотқа талаптар өсіп отырды. Тасқын сияқты. 2018 жылы 4,8 млн-ға жетті. Күніне 20 мың іс пен материал түседі. Әр судья күн сайын 11 шешім қабылдады. Елорда мен Алматыда күніне 50 шешімге жетеді. Дәліздер ара омартасы сияқты. Талап қоюшы, жауап беруші, жанкүйер санында есеп жоқ. Осындай қарбаласта жемқорлық тәуекелі де жоғары. Әсіресе, мүдделер тоғысы мен үлкен ақшаға қатысты істерде. Біз күн сайын 20 мыңға жететін конвейерді 3 есе, 6 мыңға дейін қысқарттық. Іс аз болса, жемқорлық азаяды, сапа жақсарады», - деді Жақып Асанов.
Сонымен қатар ол заңдарға дауласуы тараптардың ортақ ымыраға келіп, дауды бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік беретін тетіктер енгізілгенін атап өтті.
«Судья-татуластырушы» ұғымын енгіздік. Татуласуға берілетін уақытта ұзарттық. Бұрын судьяда «мынау жеңді, анау жеңілді» деп айтатын бір-ақ міндеті болатын. Қазіргі міндеті - татуластыру. Егер адамдар өздері мән-жайды шешіп, қол алысса, онда жемқорлыққа мүмкіндік жоқ. Таяудағы түзетулерден кейін бейбіт жолмен бітетін даулардың 40 пайызға жеткені қуантады», - деді ол.