01 нау, 2021 сағат 08:50

Елімізде бір апта ішінде 3268 қылмыс тіркелді

Елімізде бір апта ішінде 3268 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бір апта ішінде 3268 қылмыс жасалды, оның 2070-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 11 қарақшылық, 32 тонау және 458 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Еске сала кетсек, ақпан айның соңғы аптасында бір апта ішінде 3366 қылмыс тіркелген. Оның 2184-і тәулік ішінде ашылған.