Қазақстанда кәмелетке толмағандаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық қылмысы соңғы бес жылда 1,5 есеге азайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ сілтеме жасап.
«Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың төмендеп жатқанын атап өткен жөн. Бұл көрсеткіш жыл сайын мыңнан астам фактіге азайып келеді. 2013 жылдан бастап олардың саны 5 есеге – 9 мыңнан 1800 фактіге (2020 ж.) дейін азайған», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ІІМ-де өткен онлайн-брифинг барысында.
Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың денсаулығына ауыр зиян келтіру 12%-ға, оларға қатысты жасалған қарақшылық 71%-ға, ұрлық 43,7%-ға, тонау 49,6%-ға және бұзақылық 27%-ға төмендегені байқалады.
«Сондай-ақ, ІІМ кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық көрсету қылмыс саны соңғы 5 жылда 1,5 есеге қысқарды», - дейді спикер.
Бұған дейін А. Милюк Қазақстанда 5 мыңнан астам бала полиция есебінде тұрғанын айтқан еді.