17 мам, 2021 сағат 12:27

Елімізде апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді


Елімізде апта ішінде 3 225 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бір апта ішінде 3 225 қылмыс жасалды, оның 2222-сі тәулік ішінде ашылды», - деді ресми өкіл Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында. 

Оның атап өтуінше, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 37 тонау және 463 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Нұрділдә Ораз.