06 там, 2020 сағат 09:07

Елімізде 9584 адам пневмониямен ауырып жатыр

Қазақстанда 9584 адам пневмониямен ауырып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап. 

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін пневмониямен науқастанғандар саны 9584 адамды құрап отыр. Бұл дерттен 102 адам қайтыс болған.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды», - делінген хабарламада.